1 Тамыз 12:46

Абай ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Фото:

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шымкент,  NEGE.  Аудаан аумағында Крмель, Мақталы, Қожанов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары және Жайлау, Шұғыла, Ынтымақ-2 шағын аудандарында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Тазалық жұмыстарына "Ақсемсер-стройсервис" ЖШС-нің 16 техникасы мен 42 жұмысшы күші жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары тарапынан қадағалануда.

Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Тегтер: