30 Желтоқсан 16:35

2021 жыл Павлодар облысы үшін несімен табысты болды

Фото:

Жыл соңына қарай Павлодар облысында дәстүрлі түрде өткен 12 айдың қорытындысы жасалды. 2021 жыл өңір үшін коронавирустық дағдарыстан кейін тұрақты түрде қалыпқа келу кезеңіне айналды. Кейбір салаларда тіпті бұған дейін болмаған өсім байқалса, жоспарлардың орындалмауы да байқалып, аймақ тұрғындары үшін жағымды жаңалықтар да көп болды. Бәрін ретімен баяндасақ.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібі дамып, бүкіл секторды алға тартып келеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 67%-ға жуықтады, бұл еліміз бойынша көрсеткіштен 20%-ға артық. Екібастұз қаласындағы тұтас кластерге айналған темір жол машина жасау саласы оған зор әсер етті. Қараша айында кеншілер қаласында Президент тағы бір өндірісті іске қосқанын атап өту керек. Агроөнеркәсіп кешенінде облыс үшін рекордтық жетістіктер: ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарғы қарқыны, 30 жыл ішінде тұңғыш рет дәнді дақылдардың бір миллион тоннадан астам түсімі, 1 теңге мемлекеттік субсидияға 4 теңге жеке меншік инвестициялардың тартылуы тіркелді.

Білім беру – ерекше көңіл бөлінетін сала. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов балалардың білім алуын инвестициялаудың және ол үшін қажетті жағдай жасаудың  маңыздылығын жиі атап өтеді. Өңірде білім беру саласының бюджеті айтарлықтай өсті. Позитивті өзгерістердің қатарында 12 мектепті модернизациялау, 69 педагог пен 300 оқушының «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» және «Тәуелсіздік ұланы» белгілеріне ие болуы сияқты бастамалар бар. Жаңа мамандықтар атласы құрастырылып, ол бойынша колледждерде оқыту, ал, мектептерде кәсіби бағдарлау  жүргізіліп жатыр.

Өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үш жаңа нысанмен нығайтылды. Олардың бірі – жобалау құжаттары 2018 жылы өзгертілген облыстық аурухананың инфекциялық корпусы. Мердігерлердің айтуынша жаңа құжат бойынша эпидемиологтардың ескертулерін қаперге алынды. Өңірдің инфекциялық орындар қоры пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есеге өсті.  

«Ертіс» футбол клубымен орын алған жанжалдан кейін спорт облысымызда талқылауға ауыр тақырып болды.  Алайда, уақыт көрсеткендей чемпионатқа қатыспай, оған жұмсалатын қаражатты бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортына аудару стратегиялық дұрыс шешім болды. Қазіргі кезде мемлекеттік тапсырыс бойынша 6,5 мыңнан астам балалар спорт секцияларына қатысады. Облыс тұрғындарының спортпен қамтылуы 34%-ға дейін өсті. Бұл уақыт ішінде «Ақсу» футбол клубы еліміздің Премьер-лигасына өтті, ал, спортшыларымыз Зарина Байбатина мен Серік Теміржанов сәйкесінше Паралимпиада мен бокстан әлем чемпионатының күміс медальдарын жеңіп алды.

2021 жыл Павлодар облысы үшін бүкіл еліміздегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтті. Сондай-ақ, Иманбек Зейкеновтың  Grammy сыйлығын жеңіп алуы, Ақсу қаласының 30-жылдық мерейтойы, Екібастұз қаласының Кешенді даму жоспарының қабылдануы, алюминийдің 3 миллионыншы тоннасын өндіру, электр энергиясының рекордтық өндірісі сияқты ерекше қуанышты оқиғалар да орын алды.

Жылдың басты жетістігі – жалпыұлттық қайырымды істер марафонының нәтижелері бойынша еліміздің ең мейірімді өңірі атағына ие болуы. Павлодарлықтар өздеріне ғана тән жомарттық пен ізгілік қасиеттерін тағы да дәлелдеді.    

Тегтер: