USD
USD
USD

Референдумға ұлттық киіммен келген әжелер көпті сүйсінтті

Мақтааралдық әжелер референдумға ұлттық киіммен келіп, шашу шашты.

Референдумға ұлттық киіммен келген әжелер көпті сүйсінтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақжаулықты аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік», – деді олар.

Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев