USD
USD
USD

Референдумға шетелдегі 12 мың қазақстандық дауыс бере алады

 Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беруі үшін қажет жағдай жасалды.

АЭС
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Орталық референдум комиссиясында шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат айтылды. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 59 елінде дауыс беру үшін 74 учаске құрылғанын айтты.

Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12307. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша шетелдегі 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады. 48 учаскенің ашылуы күтілуде. Жақын арада Орта Шығыс және Еуропада орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды. Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі белсенді болып жатқанын байқаудамыз. Уақыт айырмашылығына байланысты Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Октава қалаларындағы және Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Айта кетейік, республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.