USD
USD
USD

Референдумға қатысушылардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 6 қазандағы дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады. 

АЭС
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алынған мәліметтерге сәйкес, 12 миллион 284 мың 487 адамның референдумға қатысуға құқығы болды. 

7 миллион 820 мың 204 азамат немесе сайлаушылардың 63,66%-ы дауыс беруге қатысты. 5 миллион 561 мың 937 адам немесе сайлаушылардың 71,12%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын қолдады.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, сайлаушылардың 28,88 пайызы АЭС құрылысына қарсылық білдірген. 5 561 937 адам АЭС-ті қолдаса, 2 045 271 қазақстандық қарсымын деп дауыс берген. 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі