USD
USD
USD

Референдумға қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Саяси науқанға Үкімет резервінен 20,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. 

орк
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Орталық сайлау комиссиясы алдағы референдумды өткізуге жұмсалатын шығын көлемін жария етті. Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің мәліметінше, алдын ала есеп бойынша саяси науқанға 20,8 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Оның 75% комиссия мүшелерінің еңбекақысын өтеуге бағытталған. 

«Айта кетейін, бұл қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылмаған. Ол Үкіметтің резервінен бөлінеді. Нақты шешімді жақын арада шығаруға тырысамыз», – деді Бортник.

Еске салсақ, 2024 жылғы 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қатысты өткен бүкілхалықтық референдумға 15,5 млрд теңге бөлінген еді. Ал 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды ұйымдастыруға бюджеттен 16,5 млрд теңге қарастырылып, оның 1,6 млрд теңгесі игерілмей, қазынаға қайтарылған.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер