Референдумда екі заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура
Референдум өтіп жатқанда сауалнама жүргізіп және үгіт-насихат жүргізген екі азамат анықталды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов мәлім етті.
«Референдумда дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Бүгінде екі заң бұзу фактісі анықталды. Біріншісі, жеке тұлға мен қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты. Ол Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 120 бабы 3 бөлігі бойынша жауапқа тартылды, яғни айыппұл салынды. Екіншісі, заңсыз үгіт жүргізу фактісі анықталды. Ол бойынша азаматқа жоғарыда аталған кодекстің 102 бабы бойынша айыппұл салынды», - деді Бекжан Қараманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, екі жағдайда да құқық бұзушылар өз кінәсін мойындады.
«Осы жайттарды ескере отырып, референдумға қатысушылардың назарын, дауыс беру күні, нақты айтқанда бүгін сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске саламыз. Қазіргі уақытта прокуратуралар мен сотқа референдумға қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Прокуратура органдары мен республикалық референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жалғасуда», - дейді ол.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады