USD
USD
USD

Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге кетеді

Конституциядағы өзгерістерді қабылдауға арналған референдумға мемлекет қанша қаражат жұмсайтыны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге кетеді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. "Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есебп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, референдум 5 маусымда болады.

 "Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен танысу 20 мамырдан бастап көзделген. Әрбір азамат өз учаскесіне келіп, свок-ты тексере алады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне дейін кемінде 10 күн бұрын хабардар етеді. Яғни, 16 мамырда комиссиялар шығып, 25 мамырға дейін дауыс беру орны, уақыты және күні туралы ақпарат береді", - деген еді Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья