USD
USD
USD

Референдум комиссиясының мүшелері жұмыстан шеттетілді

Әлеуметтік желіде бюллетеньдерді референдум комиссиясының мүшелері өздері толтырып, жәшікке салып жатқаны жайлы видео тарады. Осы жағдайға байланысты сол учаскенің комиссия мүшелері уақытша қызметінен шеттетілді. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті.

Референдум комиссиясының мүшелері жұмыстан шеттетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін учаскедегі бұзушылыққа қатысты видео пайда болды. Онда комиссия мүшелері бюллетеньдерді жәшікке өздері салып жатыр деген болжам айтылды. Референдум заң нормаларын қатаң сақтауға негізделген. Процедуралардың бұзылуына ешқандай жол берілмейді. Біз болған жайтты толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелерін міндетінен шеттету туралы шешім қабылдадық. Өйткені, бізде және жоғары тұрған комиссияда видеоның негізінде іс-әрекетті бағалайтын өкілеттік жоқ. Учаскелік комиссия мүшелерімен сөйлескен кезде олар лақтыру фактісін жоққа шығарады», – деді спикер.

Жанна Асанова жәшікті мөрлеп, дауыс беруді басқа, стационарлық жәшікпен жалғастыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

«Бюллетень лақтырылған урнадағы барлық бюллетень жарамсыз деп танылды. Оның алдында салынған бюллетеньдер, өкінішке қарай, санаған кезде есепке алынбайды. Болған жағдайдың заңдылығына құқық қорғау органдары мен орталық сайлау комиссиясы баға береді. Өйткені нәтижені жою, тоқтата тұру мәселесі тек орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатады. Құжаттарды сол жерге береміз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда келер жылы UFC турнирі өтуі мүмкін

Шавкат

Жемқорларға ешқандай аяушылық болмайды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Өртке оранған көлік

ҰҚК шекарашылары 510 млн теңгенің өнімін заңсыз өткізбек болғандарды тоқтатты

Тәркіленген тауарлар