Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Референдум: бюллетеньде тек бір сұрақ болады

Конституцияға енгізілуі мүмкін өзгерістер біртұтас жоба болғандықтан, жалпыхалықтық дауыс беру кезінде бюлеттеньде тек бір сұрақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Референдум: бюллетеньде тек бір сұрақ болады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Дауыс беруші қойылған жалғыз сауалға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. 33 бап бойынша 56 реформаның әрқайсысына қатысты жеке-дара сұрақтар болмайды. Оның қажеттілігі де жоқ. Өйткені әр түзету бір-бірімен тығыз байланысты», – дейді әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова.

11 өңірдегі халықтың көпшілігі жақтап дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептеледі. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбайды. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құру туралы жарлық биыл 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Ал референдум 5 маусымда өтеді. Осылайша 17 өңірдің үштен екісі 11 өңірді құрайды, деп түсіндірді вице-министр.

Алма Мұқанова, ҚР әділет министрінің орынбасары:

Басқа мемлекеттердің тәжірибесін әрине қарадық. Онда да осындай аралас модель қолданылады. Референдумға осы жобаларды шығарып тұрған азаматтар Президенттің өкілеттігі бойынша 56 бөлек сұрақ емес, бір жоба ретінде. Өйткені біз түсіну керекпіз. Барлық түзетулердің бір-бірімен қарым-қатынасы зор, аралас.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық