USD
USD
USD

Референдум күні жақындаған сайын түрлі дипфейк-видеолар тарауы мүмкін

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде сайлау жәшіктеріне бюллетеньдерді заңсыз тастаудың «дәлелі» ретінде ұсынылған бейнероликтердің тарап жатқанын тіркеді. 

Сайлау
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, мұндай бейнежазбалардың басым бөлігі басқа мемлекеттерде және әртүрлі уақыт кезеңдерінде түсірілген. Сонымен қатар, олардың арасында нақты шығу тегі мен мән-жайы көрсетілмей таратылып жатқан қойылымдық немесе модификацияланған бейнероликтер бар.

Мәселен, «өшіп кететін сия» бейнеленген ролик алғаш рет интернет кеңістігінде 2019 жылы пайда болған. Бұл материал бұған дейін Ресей, Украина және Қырғызстан елдерінде бірнеше мәрте жарияланып, кеңінен таралған болатын.

Ал өзге материалдардың бір бөлігі – осыдан 10-15 жыл бұрын және одан да ерте уақытта жарияланған бейнежазбалар.

Мұндай материалдарды пайдалану – ақпараттық арандатушылық технологияларының бірі. Мақсаты – дауыс беру процедуралары туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру арқылы референдум қарсаңында қоғамдағы сенім деңгейіне нұқсан келтіру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының бағалауы бойынша, референдум күні жақындаған сайын манипуляциялық контенттің анағұрлым күрделі түрлері, соның ішінде шынайы оқиғаларды немесе лауазымды тұлғалардың мәлімдемелерін имитациялайтын дипфейк-бейнелер пайда болуы мүмкін.

Орталық азаматтарды мұндай жарияланымдарға сыни тұрғыдан қарауға, ақпарат көздерін мұқият тексеруге және расталмаған материалдарды таратпауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері