6 Қазан 12:32
...

Референдум: қанша қазақстандық дауыс берді?

АЭС
Фото: halyq-uni.kz

Орталық сайлау комитеті референдумда дауыс берген қазақстандықтарға қатысты статистикалық деректерді жариялады. 

Алматы, NEGE. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,79%-і бюллетень алды, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес:

  1. Абай облысы бойынша – 15,36%;
  2. Ақмола облысы бойынша – 17,18%;
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 19,21%;
  4. Алматы облысы бойынша – 16,31%;
  5. Атырау облысы бойынша – 17,11%;
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 16,43%;
  7. Жамбыл облысы бойынша – 16,19%;
  8. Жетісу облысы бойынша – 18,08%;
  9. Қарағанды облысы бойынша – 30,63%;
  10. Қостанай облысы бойынша – 16,90%;
  11. Қызылорда облысы бойынша – 20,91%;
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 16,45%;
  13. Павлодар облысы бойынша – 14,04%;
  14. 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,83%;
  15. Түркістан облысы бойынша – 18,56%;
  16. Ұлытау облысы бойынша 17,40%;
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17,85%;
  18. Астана қаласы бойынша – 24,08%;
  19. Алматы қаласы бойынша – 8,66%;
  20. Шымкент қаласы бойынша – 19,56%.

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 107 учаскеде дауыс беру аяқталды.