USD
USD
USD

«Реал Мадрид» «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады

Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады.

Реал Мадрид
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас бапкер Хави Алонсо бұл кездесуде тәжірибелі футболшыларға сенім артатынын білдірді. Олардың қатарында Тибо Куртуа, Джуд Килиан Мбаппе, Беллингем, Винисиус Жуниор сынды жұлдыздар бар.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;

Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Алғашқы турда алматылық клуб сырт алаңда «Спортинг» (Португалия) командасына 1:4 есебімен жол берді.

Алматылық клуб енді «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті