USD
USD
USD

«Рас айтасыз ба?» Қосанов әскерде сарбаздар жиі өледі дегенге таңқалды

Қорғаныс министрі Даурен Қосанов әскердегі сарбаздар өліміне қатысты пікір білдірді.

Қорғаныс министрі
Фото: ortkom.kz

Астана, NEGE. Журналистер Қосановқа ай сайын әскерде сарбаз өлімі тіркелетінін айтып, Қорғаныс министрлігі қандай шаралар қабылдайтынын сұрады.

«Қойыңызшы? Сарбаздар ма? Рас айтасыз ба?», – деп таңқалды министр.

Оның айтуынша, әскерде қазір мұндай жиі өлім жағдайлары жоқ. Ал, сарбаздар өліміне қатысты митингке шыққан аналар бұрынғы жылдарда болған оқиғаларды айтқан. 

«Аналар айтып отырған бұл оқиғалар 2020-2023 жылдары болған. Митинг кезінде олар көтерген мәселелердің бәрі тергеу органдарының жұмысына қатысты болды. Тергеуді Ішкі істер министрлігі бас әскери прокуратураның бақылауымен жүргізеді. Ол жерде бізге қатысты сұрақтар болған жоқ», – дейді Даурен Қосанов.

Айта кетейік, бұған дейін әскерде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналары наразылыққа шығып, әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап еткен болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли