USD
USD
USD

Рамзан Қадыровқа не болды?

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 13 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты қызметінен уақытша кетті. Аймақ басшысы міндетін уақытша атқарушы боп шешен үкіметінің төрағасы Муслим Хучиев тағайындалды.

Рамзан Қадыровқа не болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қадыров жуырда екі күндік жұмыс сапарымен таулы аймақтарда болған. Сол кезде дене қызуы көтеріліп, тұмауратып қалыпты. Шешен республикасы конституциясының 76 бабына сай, ол өз өкілеттілігін үкімет басшысына тапсырған.

Өткен жылдың ақпанында да Рамзан осындай демалыс алып, орнына Хучиевті қойып кеткен болатын. Сол кезде АҚШ Мемлекеттік департаменті Хучиевтің адам азаптау ісіне қатысы бар деп айыптаған.

«Алла Тағалаға мадақ болсын, менің денсаулығым мықты! Небары екі-ақ күн дәрі тамыздым, енді бәрі дұрыс!», – деп жазды Рамзан Қадыров өзінің әлемжелідегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж