USD
USD
USD

Рамазанда ет бағасын көтерген саудагерлер қамауға алынды

Тәжікстанда Рамазан айында ет бағасын көтерген 4 кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды.

.
Фото: NEGE/ЖИ көмегімен жасалды

Астана, NEGE. Душанбе қаласында ораза кезінде азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тексеру шаралары жүргізілді.

Шохмансур ауданында екі дерек анықталып, ет бағасын себепсіз көтерген кәсіпкерлер ұсталды. Олар бұған дейін белгіленген бағаны сақтау жөнінде ресми ескерту алған. Соған қарамастан, пайда табуды көздеп, ет өнімдерін қымбатқа сатқан. 

Аудандық сот шешімімен саудагерлер бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Осындай тағы екі жағдай Душанбе қаласының Сино ауданында тіркелді. Азық-түлік дүкендерінің бірінде еттің негізсіз жоғары бағамен сатылғаны анықталды. Кәсіпкерлер тұтынушылар сұранысын пайдаланып, бағаны әдейі көтерген.

Бұл дерек бойынша да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, Сино аудандық сотының қаулысымен әрқайсысына төрт тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан