USD
USD
USD

Рамазан айында елордада тегін автобус қатынайды

Рамазан айына орай елордада бірқатар бағдарда тегін автобус қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рамазан айында елордада тегін автобус қатынайды
Фото: NEGE.kz

«22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді», - делінген City Transportation Systems компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Нақтырақ айтқанда, «Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін автобус бағыты «Целинный» ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы; «Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін автобус бағыты «Спутник» супермаркеті, темір жол вокзалы, «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы; «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін автобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж; «Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін атвобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, «Кирпичный» тұрғын үй алабы; «Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін автобус бағыты «Рахмет» сауда орталығы арқылы өтеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе