USD
USD
USD

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Қазақстандық миллионерлер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов АҚШ-та рамен өндіретін Borealis Foods компаниясына инвестиция салған.

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов
Фото: Коллаж: NEGE

Астана, NEGE. Forbes Kazakhstan ақпаратынша, компанияның қаржылық жағдайы әзірге күрделі, ал оның биржадағы акциялары екі жарым жыл ішінде 11 доллардан 1 долларға дейін арзандаған.

Borealis Foods – Канада мен АҚШ-та жұмыс істейтін, құрамында ақуызы мол тез дайындалатын кеспе өндіретін компания. Оның Оңтүстік Каролинадағы зауыты жылына 600 млн порцияға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Компания бірнеше брендпен жұмыс істейді. Олардың қатарында Chef Woo және атақты аспаз Гордон Рамзимен бірлесіп жасалған Chef Ramsay бар.

Кеңес Рақышев жобаға Сингапурда тіркелген Oxus Capital PTE Ltd компаниясы арқылы кірген. Қазір ол Borealis Foods-тың 39,09%-ын бақылайды. Ал Шухрат Ибрагимов компанияның 15,084%-ына иелік етеді. Ол Borealis Foods-ты қор биржасына шығармай тұрып қаржыландыра бастаған.

Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне келсек, 2024 жылы Borealis Foods 27,7 млн доллар табыс тапқанымен, таза шығыны 25,3 млн доллар болған. 2025 жылы шығын шамамен 19 млн долларға дейін қысқарды. Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында компания 3,5 млн доллар шығынға ұшыраған.

Сонымен қатар компания Рақышевке қарыз екені мәлім болды. 2026 жылдың сәуірінде оның Oxus Capital PTE Ltd компаниясы Borealis Foods-қа 2031 жылға дейін өтеу мерзімімен 17 млн долларға дейін несие берген.

Borealis Foods үшін биржадағы жағдай да күрделі. Компания акциялары биржаға шыққан кезде 11 доллардан сатылса, 2026 жылдың жазына қарай оның бағасы 1 долларға дейін төмендеген. Осыған байланысты NASDAQ компанияға биржа талаптарына қайта сәйкестендіру үшін 2026 жылдың 29 желтоқсанына дейін уақыт берген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тонау және есірткі өткізумен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер