USD
USD
USD

Рақымшылық – әділетті мемлекет құрудың негізі – заңгер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Заң жобасына қол қояды деп жоспарлануда. Бұған қатысты заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдiрасылов өз пікірін білдірді, деп хабарлады El.kz.

Рақымшылық – әділетті мемлекет құрудың негізі – заңгер
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заңгер қаңтар оқиғасы кезінде арандатушыларға ілескен азаматтарға рақымшылық етуі Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам деп баға берді.

«Рақымшылдық институты – құқықтық мемлекетте гуманизм принципін жүзеге асырудың тәсілі. Оны мемлекеттің адамға жанашырлық көрсетуінің көрінісі деп есептеймін. Әсіресе Әділ Қазақстанды құру негізінде істеліп отырған бастама деп қабылмаймын», – деді ол.

Ермек Әбдірасылов рақымшылыққа кімдер ілігетінін атап өтті.

«Заң аясында қаңтар айында қылмыстық іс істеген, ауырлығы орташа дәрежеден төмен айыпталушылар жазадан толық босатылады. 1600-ға жуық адамға рақымшылық беру көзделуде. Ал билікті асыра пайдаланып, сатқындық жасаған ұйымдастырушы, террорист, рецидивист, экстремистер мен сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға бұл жеңілдік қолданылмайды», – дейді профессор.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері