USD
USD
USD

Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады

Қазақстанда рақымшылық аясында 2 370 адамның жалпы сомасы 298,4 млн теңге әкімшілік айыппұлы кешірілмек. Алайда рақымшылық сот тағайындаған әкімшілік жазаларға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

рақымшылық
Фото: Dauletten.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Комитеттің мәліметінше, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, қандастар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік рақымшылыққа ілінбейді.

Ведомствоның нақтылауынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің мына үш бабы бойынша айыппұл салынғандарға рақымшылық жасалмайды. Атап айтқанда:

  •  275-бап – салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру;
  • 277-бап – салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомаларын төлеуден жалтару;
  • 278-бап – салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын төмендету.

«Бұл құқықбұзушылықтарды рақымшылық жасаудан алып тастау олардың салық салу объектілерін жасырумен және салықтық міндеттемелерді орындаудан жалтарумен байланысты болуына, сондай-ақ мемлекеттің экономикасына елеулі залал келтіруіне негізделген», – деп түсіндіреді комитет өкілдері.

Еске салсақ, 2026 жылғы 17 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық рақымшылықпен қатар, Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасауды ұсынды. Осы ұсыныс негізінде Сенат депутаттары 11 маусымда «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды және оған ілеспе заңнамалық түзетулерді мақұлдады.

Заңға сәйкес, кейбір жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар мен заң консультанттары әкімшілік айыппұлдардан босатылмақ. Алайда айыппұлдар заң күшіне енген сәтке дейін төленбеген болуы қажет. Сондай-ақ рақымшылық бойынша мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ – рәсім автоматты түрде жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Шахматшы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бибісара Асаубаева

Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы

Алматы

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар