USD
USD
USD

Райымқұлова Олимпиададан кейін отставкаға өтініш бергенін мойындады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға мәдениет пен спорт саласын екіге бөлуге қатысты ойын айтты.

Райымқұлова Олимпиададан кейін отставкаға өтініш бергенін мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Біз бәріміз адамбыз, кейде қателесуіміз мүмкін. Спорт пен мәдениет саласы бір министрлік бола ма, әлде екіге бөліне ме оны мемлекет басшылығы шешеді. Сондықтан біз қазір өз жұмысымызды мейлінше жақсы атқаруға тырысып жатырмыз", - деп жауап берді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Брифинг барысында журналистер мәдениет министрінен Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кету туралы ойын сұрады. 

"Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін", - деді мәдениет және спорт министрі.

Айта кетері, 2021 жылы Жапонияның Токио қаласында Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында 8 қола медаль алды.

Сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медальсыз қайтты.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны