USD
USD
USD

Райхан Қойшанова жаңа қызметке тағайындалды

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Райхан Қойшанова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева зейнет демалысына шығып, жаңа басшы болып Райхан Қойшанова тағайындалды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы лабораториясының бактериолог дәрігер болып бастады.

Қазіргі кезде осы саладағы еңбек өтілі - 27 жыл.

Бұған дейін департаменттің бөлім басшысы қызметтерін, ал 2017 жылдан бастап Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі