USD
USD
USD

Рахым Ошақбаев жаңа қызметке сайланды

ҚР Ішкі істер министрлігінде ведомство жанындағы жаңартылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. 
Рахым Ошақбаев жаңа қызметке сайланды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы,  NEGE.  Polisia.kz порталының мәліметінше, Марат Ахметжанов жаңартылған Қоғамдық кеңестің, сондай-ақ жалпы ішкі істер органдары жүйесінің алдында түбегейлі жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті. Ең бастысы – қоғамдық сенім мен азаматтардың қолдауын қамтамасыз ету, полиция мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімді серіктестік моделін қалыптастыру.
 
Министр бүгінгі таңда полиция қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық пен айқындық болып табылатынын айтты. Сонымен қатар ол жаңа форматта Қоғамдық кеңестің жұмысы одан да тиімді болатынына сенім білдірді.
 
Кездесу барысында кеңес төрағасын сайлау үшін ашық дауыс беру өтті. Төраға болып «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қорының директоры Рахым Ошақбаев сайланды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер