USD
USD
USD

Рахым Ошақбаев өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кеткен бе?

Белгілі экономист Рахым Ошақбаев демалыс базасында болған өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кеткен. Ол мұнда отбасымен демалып жатқан көрінеді. 

Рахым Ошақбаев өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кеткен бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рахым Ошақбаев 30 тамыз күні Павлодардағы «Усадьба» демалыс кешенінде болған өртте әйелімен бірге екінші қабаттан секіріп кеткен. Кәсіпкердің әйелі Әлия өрт кезіндегі суреттерді Instagram парақшасының сторисінде бөлісті. Түнгі екіде басталған өрт салдарынан ағаштан салынған демалыс кешені толықтай жанып кеткен. 

Кейбір сайттардың жазуынша, кәсіпкердің отбасы дін-аман. «Аллаға шүкір, бәрі аман. Бәріміз балкон арқылы қауіпсіз жерге шығып үлгердік. Жедел жәрдем көмегіне жүгінген жоқпыз», – деген бизнесмен.

Ал Павлодар облысы ТЖД AR редакциясына берген мәліметінше, алапат өрт кезінде адам шығыны тіркелген жоқ.

«30 тамыз күні түнгі сағат 2:29-да Павлодар қаласындағы «Усадьба» қонақүй кешені мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті.  Шамамен, 200 шаршы метрлік ағаш кешен толықтай жанып кетті. Өздігінен 7 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер өрт гидрантынан магистральді желі төсеп, сыйымдылығы 80 л газ баллонын қауіпсіз жерге көшірді. Өрт таңғы сағат 6:34-те ауыздықталып, сағат 7-ден 5 минут кеткенде толықтай тоқтатылды. Өрт кезінде зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында  жеке құрамның 34 қызметкері мен Павлодар облысы ТЖД-нің 11 дана техникасы, «102» қызметі, қалалық электр желісі, ТКҚ, «Водоканал» ЖШС жұмыс істеді», - деп пікір білдірді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз өкілі.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев