USD
USD
USD

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, "Тұран" университетін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастаған.

1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

2007-2013 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

2013-2021 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай