2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Ташкентте өтіп жатқан әлемдік жарыста Рахат Бекболат топ жарды.

Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жаһандық жарыста Рахат Бекболат топ жарды. Отандасымыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Қазақстандық спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Рахат алғашқы сайыста үш мүмкіндікті сәтті пайдаланып, 175 келі зілтемірді ырқына көндірді. Ал екінші жаттығуда қазақстандық спортшы 202 келі көрсеткішті тіркеді. Қос-сайыс қорытындысы бойынша 377 келі нәтижеге қол жеткізген Рахат Бекболат жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.

Рахат Бекболат, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

– Жұлқа көтеруде жақсы көрсеткішке қол жеткіздім. Ал екінші жаттығуда өзімді жайсыз сезіне бастадым. Ауа жетпей жатты. Сол себепті үш мүмкіндіктің тек біреуін сәтті пайдаландым. Жеңімпаз атандым. Бірақ көрсеткішіме риза емеспін. Бұдан ауыр салмақ көтеремін деп жоспарлаған елім. 

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов