USD
USD
USD

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Алматы полициясы жұбайын соққыға жықты деп күдікке ілінген әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.

Рахат Тұрлыханов
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Астана, NEGE. Мән-жайды баяндасақ, наурыз айында әншінің отбасында жанжал шығып, әйелі полиция шақыртқан. Полицейлер Рахат Тұрлыхановты жұбайымен бірге аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Тексеру барысында әйелі әншінің күш қолданғанын хабарлаған. Алайда кейіннен ол соққыға жығылғанын жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған, сол арыз негізінде әкімшілік хаттама толтырылған.

Сотта полицияға жүгінген кезде әйелдің дене жарақатын алғаны туралы арызы болғаны судья назарына ілігіп, бұл дерек бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар жинақталып, тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілген.

«Сонымен қатар арызданушы өз талап-шағымдарынан бас тартып, істі қарауға одан әрі қатысудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыхановтың отбасы бірінші рет ел назарына ілігіп отырған жоқ.  2023 жылы да әнші үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Алматыда бұл дерек бойынша сот отырысы өтті, алайда тараптар татуласып, іс тоқтатылып, Тұрлыхановқа ескерту түріндегі жаза белгіленген болатын.

Кейін апелляциялық шағым түсіп, сот алқасының қаулысымен ескерту түріндегі жаза 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Әнаур Мұсаев

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Қару

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Темекі

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

tiktok