Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен астаналық тұрғын ұсталды

Астанада 51 жастағы әйел ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астана қаласында Сарайшық аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті азаматтарға тұрғын үйді нарықтағы бағадан төмен бағада рәсімдеуге көмектесемін деп сендірген. Осы уәдені пайдаланып, ол жәбірленушілердің сеніміне кіріп, алдау арқылы олардың қаржысын иемденген. Қазіргі таңда келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 9 миллион теңгеден асады. Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің алаяқтықтың 60-қа жуық эпизодына қатысы бары анықталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

Қазақстан туралы даулы пікір айтқан ресейлік блогер елден шығарылды

Ксения Гузаева