USD
USD
USD

Ірі қара мал етін эспорттауға қойылған шектеу мерзімі ұзартылды

Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.

facebook.com/sogim.kz
Фото: facebook.com/sogim.kz

Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, шектеу алты ай мерзімге ұзартылған.

«Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жас немесе салқындатылған әрі мұздатылған ірі қара мал етін шығаруға 6 (алты) ай мерзімге 20 мың тонна көлемінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін», – делінген құжатта.

Сондай-ақ 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілді.

Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады.

Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі – 20 мың тонна.

Министрлік мәліметінше, бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай көлемде айқындалады:

  • бордақылау алаңының қуаттылығы 5 мыңнан асса, 1 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 10 мыңнан асса, 2 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 15 мыңнан асса, 3 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 20 мыңнан асса, 4 мың тонна;
  • бордақылау алаңының қуаттылығы 50 мыңнан асса, 10 мың тонна.

Квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.

СҚО-да табиғи газ бағасы бір жылда 63 пайызға өскен

газ

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бекболат Молдабеков