USD
USD
USD

Ірі авиакомпаниялар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты рейстерді азайтып жатыр

Жанармай бағасының күрт өсуі аясында әуе рейстерінің жаппай қысқаруы күтілуде. Сарапшылар мұны Иран төңірегіндегі соғыс жағдайымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Bloomberg.

әуе рейсі
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Талдау деректеріне сәйкес, 2026 жылдың мамыр айында әлемдік әуе компанияларының өткізу қабілеті шамамен 3%-ға қысқаруы мүмкін. Бұған дейін керісінше 4–6% өсім болады деп болжанған еді.

Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Еуропадағы авиаотын қоры небәрі алты аптаға ғана жететінін мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, авиакеросин тапшылығы Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімдерінің шектелуімен және өңірдегі әскери қақтығыстармен байланысты.

Жанармайды үнемдеу мақсатында ірі әуе тасымалдаушылары рейстер санын қысқартуға кірісті. Мәселен, нидерландтық KLM әуе компаниясы мамыр айында Схипхол әуежайы арқылы жүзеге асатын 80 рейсті тоқтататынын хабарлады. Сонымен қатар, америкалық United Airlines және германиялық Lufthansa да рентабельділік себептерімен бағыттар желісін қысқартқан.

Сарапшылардың бағалауынша, Ирандағы қақтығыс жақын арада аяқталған күннің өзінде, зақымданған инфрақұрылымды қалпына келтіруге айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.