USD
USD
USD

QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімі жарияланды

Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеуде.

QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың туғанын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау (250 форма).

«Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Осылайша, азамат eGov.kz порталынан қызметтерді алу барысында «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдай алады. Содан соң eGovMobile қосымшасын пайдаланып, мониторда пайда болған кодты сканерлейді. Осы айдың соңында кейбір қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігі іске асырылады. Алдағы уақытта QR-кодтың көмегімен алуға болатын қызметтердің қатары көбейеді.

«eGov mobile» қосымшасы App Store және PlayMarket платформаларында бар. Сондай-ақ, аталған мобильді қосымшада сұранысқа көп ие қызметтер мен сервистердің 60 түрі қолжетімді. Азаматтың жеке куәлігі секілді «цифрлық құжаттары» да енгізілген. Мобильді қосымшаны толыққанды пайдалану үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт және мобильдік азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі