USD
USD
USD

QR-төлемдер мен телефон нөмірі бойынша аударымдар ҚҚС-дан босатылуы мүмкін

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңестің 26-отырысында қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту мәселесі талқыланды.

ҚҚС-тан босату
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Қаржы реттеушілері төлем карточкалары операцияларымен қатар, QR-төлемдерді, телефон нөмірі бойынша аударымдарды, электрондық ақша мен цифрлық теңгені де ҚҚС-дан босатуды ұсынды.

Реттеушілер қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен цифрлық төлем шешімдерін ынталандыру үшін бірыңғай жағдайлар жасау маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте олар QR-төлемдерді, мобильді аударымдарды және цифрлық теңгені қоса алғанда, төлемнің жаңа тәсілдерінің пайда болуына байланысты төлем нарығы айтарлықтай өзгергеніне назар аударды. Төлем саласындағы қолданыстағы заңнамада төлем карточкаларымен жасалатын операциялар ұғымының жаңартылуы да салықтық реттеуді қосымша нақтылауды талап ететіні айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қаржы реттеушілерінің бұл ұсынысын қолдағанымен, аталған шараның экономикалық әсерін негіздеу қажеттігін атап өтті.

Алдағы уақытта Қаржы министрлігі ҚНРДА және Ұлттық банкпен бірлесіп, заңнамалық нормаларды нақтылап, тиісті есептерді ұсынуы қажет.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова