Qnet LTD пирамидасын ұйымдастырған әйелге қатысты іс жабылды
Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
Алматы, NEGE. ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды. Азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.
Қазір оқып жатыр
26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады
Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады
Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды