USD
USD
USD

QNET қаржы пирамидасын құрушы Алмас Жұбанаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 жылдар аралығында Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеуге жарияланды. 

Іздеу
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Бұлтартпау шарасы «Қамауда ұстау» , іздеу түрі – «Халықаралық» екені көрсетілген.

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңге.

– Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-548-701-527-10-45, – делінген ҚМА таратқан хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар