USD
USD
USD

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Qazaqstan Investment Corporation Алматы халықаралық әуежайының капиталынан шығады. «Бәйтерек» холдингіне қарасты компания инвестиция салған әуежайдағы 15% үлесін түркиялық TAV Airports компаниясына 133 млн долларға сатады.

Алматы әуежайы
Фото: Көлік министрлігі

Астана, NEGE. Мәміле аяқталғаннан кейін қазіргі таңда әуежайдың 85% үлесіне иелік ететін TAV Airports оның жалғыз акционеріне айналды.

QIC жобаға 2021 жылғы сәуірде Kazakhstan Infrastructure Fund арқылы 30 млн доллар инвестиция құйған. Сол кезде Алматы әуежайын сатып алу жөніндегі мәміленің жалпы құны 415 млн доллар болған.

QIC мәліметінше, қор жобаға қатысқан кезеңде әуежайда аумағы 53,5 мың шаршы метр болатын жаңа халықаралық терминал, VIP-терминал және инженерлік инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілген.

«Әуежай тұрақты операциялық көрсеткіштерді көрсете отырып, Орталық Азиядағы жетекші авиациялық тораптардың бірі ретіндегі стратегиялық маңызын арттырып келеді», – деп хабарлады компания.

Бұған дейін Алматы әуежайы 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалғыз акционеріне тағы шамамен 11,5 млн доллар дивиденд төлейтіні хабарланған.

Ал 2026 жылдың басында Қаржы министрлігі әуежай акционері болып саналмайтын компанияға 6,8 млрд теңге негізсіз төленгенін анықтады. Тексеруден кейін қаражат әуежай есепшотына қайтарылып, оны нысанды одан әрі дамытуға жұмсау жоспарланғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату