USD
USD
USD

«QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасының жетекшісі экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Экстрадиция
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Аталған топтың мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген.

Қылмыстық топтың кейбір мүшелері сотпен әртүрлі жазаға тартылған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.

Іздеуде бола тұра, ол Қырғызстанда кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді, ал қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылатын болады.

Осылайша, көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев

Ғылым қорынан миллиондап қаржы жымқыру схемасы әшкереленді: күдікті қамауға алынды

ҚМА қызметкері

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев