USD
USD
USD

QazVak өндірісі қашан басталады?

Коронавирусқа қарсы отандық QazVak вакцинасы өндірісінің басталатын уақыты белгілі болды. Оны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті.

QazVak өндірісі қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Отандық вакцина өндірісі Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілетін болады және сәуір айының соңында вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі деп күтіледі. Одан кейін ғылыми-зерттеу институтының мүмкіншілігіне қарай кестеге, өндірістік қуатына байланысты болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта қосымша өндіріс бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Түркияның Atabay компаниямен QazVak вакцинасын шығару мүмкіншілігіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл процедура әлі аяқталған жоқ», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта түркиялық компаниямен келіссөз жүргізілуде.

«Түркиядағы өндіріс ошағына субстанцияны беру және вакцинаның қажетті көлемін шығару бойынша технологиялық мәселелер зерделеніп жатыр. Бүгінде 100 пайыз келісім жоқ, мәселе пысықталу үстінде. Егжей-тегжейлі ақпаратты өкілетті органнан алу қажет», – деді Нұрлыбек Асылбеков.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy