USD
USD
USD

QazVac-тан 20 жыл көтермей жүрген әйелдер де жүкті болып жатыр

Бала көтере алмаған онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын айтып, ғалымдарға алғысын жаудырыпты.

QazVac-тан 20 жыл көтермей жүрген әйелдер де жүкті болып жатыр
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бірі дәрінің бір дозасын алып, тағы екеуі екпенің қос компонентін қабылдағаннан кейін бала көтергенін растаған. Сонда індетке қарсы препараттың осындай ерекше әсері бар ма? Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе?

Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры:

"Ол мүмкін, вакцинадан да болар. Ол басқа да жағдайлардан да болуы мүмкін. Дегенмен бұл – факт. Вакцинациядан кейін осындай тіркелгендеріміз бар".

Алайда, осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Қалай болғанда да, бастысы енді дүниеге дені сау бөпелер келсе болғаны.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы