USD
USD
USD

QazVac вакцинасының шығарылу формасы өзгерді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша QazCovid-in (QazVac) вакцинасының шығарылу формасы өзгертілді.  

QazVac вакцинасының шығарылу формасы өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді вакцина салдыруға ниетті үш немесе бес адам болған кезде ғана флакон ашылады.

«58-1. QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады», – делінген санитарлық дәрігер бұйрығының мәтінінде.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның ашық флаконы асептикалық жағдайды бұзу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайтынын және бірден қолданылатынын түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі