USD
USD
USD

QazVac қазақстандық вакцинасының 3 негізгі артықшылығы қандай?

 ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі Нурика Асанжанова коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 3 негізгі артықшылығын атады.

QazVac қазақстандық вакцинасының 3 негізгі артықшылығы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біріншіден, вакцинаны сақтау талаптары қарапайым. Кәдімгі тоңазытқыштар. Тасымалдау және сақтау кезінде ұстап тұру қиын болатын минус 20, не минус 70 градуста қатырудың қажеті жоқ. Екіншіден, вакцина – қауіпсіз. Себебі ол инактивтендірілген, басқаша айтқанда «өлтірілген». Және үшіншіден, тиімділігі жоғары. Өзге технологиялармен салыстыратын болсақ, біздің вакцина тұтас вирустан жасалады. Қарапайым тілмен айтсақ, вакциналанған ағзаға вирус енген жағдайда, антиденелер алдын ала сақ тұрады. Сырқаттармен тиімді күресуге мүмкіндік беретін иммунологиялық жады іске қосылады», - деді Нурика Асанжанова «20:21» жобасының эфирінде.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.