Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

QazVac екпесінің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады

 QazVac отандық вакцинасының алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

QazVac екпесінің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметіне сенсек, вакцинаны өңірлер бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне кіретін басқа да вакциналар сияқты ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің келісімімен жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны сақтау мен тасымалдаудың барлық жолында иммунобиологиялық препараттар логистикасына және GMP және GDP, сондай-ақ «суық тізбек» стандарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз сақтайды. QazCovid-in вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

QazVac вакцинациясы екі кезеңде жүргізіледі, сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакциналауға есептелген. Ғылыми-зерттеу институты жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 млн астам доза түрлі вакцинаны, оның ішінде шет елдерге жеткізетінін атап өткен жөн. QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі Вакцинация алдында медицина қызметкері міндетті түрде медициналық тексеруден өткізеді. Анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді, қарсы көрсетілімдер алып тасталады. Вакцинациядан кейін екпе алған адам медицина қызметкерлерінің бақылауында 30 минут тұруы керек.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық