USD
USD
USD

QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады.

QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «2021 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына берілді. Сыйақы мөлшері 18 млн 600 мың теңге. Институт ұжымы ол ақшаны қайырымдылыққа бағыттау туралы шешім қабылдады. Бұ қаражат Отар ауылындағы баспанаға мұқтаж тұрғындардың үй сатып алуына жұмсалды», - деп жазылған Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметте.

Ресми мәлімет бойынша, Қордай ауданының қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдары мен басшылығының қатысуымен көпбалалы отбасы мен мүгедектер отбасына үй кілттері бүгін табысталды.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп