USD
USD
USD

QazQovid-In қашан шығады?

Сәуір айының соңында «QazQovid-In» вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы шығарылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.

QazQovid-In қашан шығады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңізде білетіндей, вакцинаны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысады. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына кіреді. Олардың мәліметтеріне сәйкес, бүгінде барлығы да жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Клиникалық сынақтың бірінші және екінші сатысы аяқталғанын білеміз. Бірінші сатысы 2020 жылдың наурызында, екіншісі сәуірде аяқталды. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында үшінші саты басталды. Сондықтан бәрі рет-ретімен келе жатыр. Сәуір айының соңында вакцина дайын болады деп күтіп отырмыз. Бірінші көлемі – 50 мың дозаға дейін. Сәуірдің соңында алғашқы өнеркәсіптік партиясының шығарылатындығы күтіледі», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер