USD
USD
USD

QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

Қордай ауданында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды.

QazCovid-in вакцинасы таныстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «QazCovid-in вакцинасының қорабында 10 құты бар. Әр құты 0,5 мл немесе 10 тамшы дозадан тұрады. Вакцинаны тоңазтқышта сақтауға болады, яғни 2-ден 8 градусқа дейін. Оны қатыруға болмайды», - дейді қазақстандық вакцинаны әзірлеушілердің бірі Леспек Құтымбетов. Ол айтқандай, вакцина иммунитетті 7 айға дейін қорғайды. «QazCovid-in — коронавирусқа қарсы 5 вакцинаның біреуі. Вакцинаны әзірлеу технологиясы әртүрлі. Біз бірден бірнеше вакцинаны бірден дайындауды бастадық. Соның бірі осы»,-деді ол. Вакцинаның инактивті болуы ең сенімді, себебі ол мүлдем зиянсыз түрі деп айтуға болады.

Шын мәнінде, бұл - оңдаған жылдар бойы сыналған вакциналарды жасаудың дәстүрлі бағыты. «Бірақ векторлық және субуниттік - бұл жаңа буын вакциналары. Іс жүзінде олардың тек бірнешеуі ғана кеңінен қолданылды. Айырмашылық мынада, онда басқа объектіге берілетін вирустың белгілі бір бөлігі ғана алынады. Сондықтан мұндай вакциналардың көмегімен иммунитетті қалыптастыру қиынырақ», - деді Құттымбетов. Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы- QazCovid-in, саудаға шығарылатын атауы - QazVac. Айта кетейік, 25 сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 50 мың дозасы «СҚ-Фармация» хабтарына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты