Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан үздік үштікте тұр

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар екі күнде 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.

Дзюдо
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматы, NEGE. Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орынға жайғасты.

Турнирдегі алғашқы бестіктің тізімі:

1. Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола),

2. Хорватия (1 алтын, 1 күміс),

3. Қазақстан (1 алтын, 3 қола),

4. Өзбекстан (1 алтын),

5. Португалия (1алтын).

Бүгін 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алған Абылайхан Жұбаназар жарыстан соң әсерімен бөлісті.

«Бүгін мықты бабымда болдым деп айта алмаймын, бірақ бар күшімді салдым. Ең қиын белдесулерім жапон балуаны, төрт мәрте Grand Slam чемпионы Фудзивара Сотаро және Олимпиада жеңімпазы Хасан Халмурзаевпен болды. Амалын тауып, жеңіске жеттім. Татамиге шыққан кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Жанкүйерлеріміз өте мықты қолдау көрсетті. Душанбедегі Grand Slam турнирінен кейін өз еліміздегі сайыста бір деммен күресіп шықтым. Әр белдесу оңай болған жоқ», - деді Абылайхан Жұбаназар.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан әлемдік дода бүгін өз мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап