USD
USD
USD

QazaqGaz компаниясының еншілес ұйымына қоршаған ортаны ластағаны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша облыстық экология департаменті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы филиалының қызметіне тексеру жүргізді.

Есепші
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. Тексеру барысында, Шалқар ауданындағы Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыма міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғыланғаны анықталды.

Заңға сәйкес, бұған арнайы рұқсат қажет.

Рұқсатсыз эмиссиялар нормативтен жоғары деп танылады және белгіленген лимиттен артық жинақталған немесе көмілген қалдықтардың көлеміне қатысты он мың пайызы мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапқа тартылады.

Тексеру қорытындысымен компанияға қатысты 1,2 млрд теңге айыппұл салумен 4 әкімшілік материал тіркелді.

Оның ішінде 20 млн теңге көлеміндегі айыппұлды кәсіпорын ерікті түрде төлеп, қалған 1,1 млрд теңгеден астам сома бойынша сотқа шағымданды.

Бүгінгі таңда компания 20 миллион теңге айыппұлды өз еркімен төлеп, қалған 1,1 млрд теңгеден астам соммаға қатысты сотқа шағым түсірді.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот шешімдерімен айыппұл салу туралы қаулылар күшінде қалдырылды.

Заңға сәйкес, компания бір ай ішінде 1,1 млрд теңге көлемінде айыппұлдың қалған сомасын төлеуге міндетті.

Айыппұлдар белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу көзделген.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.