USD
USD
USD

QazaqGaz компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Әлібек Жамауов QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Әлібек Жамауов
Фото: Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Әлібек Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Agip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында бастап, 2009 жылға дейін жас кеңесшіден супервайзерге дейінгі қызметтерді атқарды.

2009–2015 жылдары «Жамбыл Петролеум» ЖШС-де менеджер болды. Кейін 2015–2019 жылдары сол компанияның атқарушы директоры қызметін атқарған.

2019–2023 жылдары «PSA» ЖШС-де жетекші лауазымдарда, соның ішінде техникалық топтың жетекшісі және бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылдан бері Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметін атқарып келді.

Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Санжар Жаркешов 2022 жылдың наурыз айынан бастап QazaqGaz-ды басқарған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар