USD
USD
USD

Qazaq Auyl кешенінің құрылысы қарқынды жүруде

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Qazaq auyl кешенінің құрылыс барысын тексерді. 

Qazaq Auyl кешенінің құрылысы қарқынды жүруде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Qazaq Auyl экологиялық кешен ұлттық нақышта Кім-Асар шатқалында салынып жатыр. Онда мейрамхана, 15 қонақүй және іс-шараларға арналған амфитеатр орналасатын болады. Жоба бойынша мейрамхананы media Park Hotel қонақүй-тұрғын үй кешенімен және визит-орталығымен қосу көзделген. Визит-орталық үшін ақпараттық қызметтер көрсетілетін және туристік жабдықтар сатылатын жеке үй-жай қарастырылған.

Qazaq Auyl жалпы алаңы – 1,3 га, үй-жайлардың алаңы – 850 шаршы метр. Инвестиция көлемі – 800 млн теңге. 2022 жылы 20 жұмыс орнын құрумен экокешенді пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып әзірленді. Бұл жалпы абаттандыруда, учаскенің жоспарлау құрылымында және кешен құрылымын құрайтын объектілердің композициялық шешімінде көрініс тапты.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған кезде адамдарды күзету, эвакуациялау және құтқару үшін мамандандырылған автокөліктің қолжетімділігі көзделген.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе