USD
USD
USD

Qazaq Air рейстер кешігіп, тоқтауы мүмкін екенін ескертті

4 қаңтарда Астанадағы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты әуе компаниясы жолаушыларға ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты рейстердің тоқтатылуы және кешігуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaq Air рейстер кешігіп, тоқтауы мүмкін екенін ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райы жағдайына байланысты рейстердің уақытылы орындалмауы кейінгі рейстердің кешігуіне әкеп соғады.

Жолаушыларға рейстің тоқтатылуы немесе кешігуі туралы SMS және электрондық пошта арқылы хабарланады.

4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 30 рейс кейінге шегерілді.

Бұған дейін Air Astana рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.