USD
USD
USD

«Qazaq Air» авиакомпаниясына жолаушыға тамақ бермегені үшін 612 мың теңге айыппұл салынды

«Qazaq Air» авиакомпаниясына жолаушыға тамақ бермегені үшін 612 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. 

«Qazaq Air» авиакомпаниясына жолаушыға тамақ бермегені үшін 612 мың теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Qazaq Air» авиакомпаниясына арызданған жолаушы соттан жеңіп шықты.

Ақтөбе-Астана бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешіккен. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Бірақ жолаушы тамақтана алмаған. Себебі ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған екен. Енді сот үкіміне сүйенсек, «Qazaq AIR» компаниясына 612 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әр жолаушы арызданып, талап етуі керек дейді.

Сіз ұшақтан ұшып келген соң уақытыңыз жоқ, сотқа барып жүретін анау-мынау деп ойлап қаласыз да содан сіз бермейсіз, содан тағы 149 жолаушы бермейді, түбінде солай қала береміз. Сондықтан барлық жолаушылар компенсация алып тұруы керек, - деді Саясаттанушы Талғат Қалиев. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия